2020 жылғы 5 желтоқсан, Таиланд Корольдігінің Ұлттық күніне орай, Нұр-Сұлтан қаласындағы
Таиланд Корольдігі Елшілігінің Жолдауы

 

      5 желтоқсан - Тайлықтар үшін өте ерекше күн. Бұл Таиланд Корольдігінің Ұлттық күні және Ұлы Мәртебелі марқұм Король Ұлы Пхумипхон Адульядеттің туған күні. Ұлы Мәртебелі марқұм Король ұзақ уақыт бойы бүкіл елдегі барлық Тайлықтардың әл-ауқатын және тұрмысын жақсарту жолындағы көптеген қажымас еңбегінің арқасында, Ұлы Мәртебелі марқұм Король Пхумипхон Тай халқының әкесі болып саналады. Сондықтан бұл күн Таиландтың Әкелер күні ретінде де атап өтіледі. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Aссамблеясы Мәртебелі марқұм Корольдің топырақ жағдайы мен ауылшаруашылық өнімділігін жақсартуға деген адалдығын ескеріп, бұл күнді «Дүниежүзілік топырақ күні» деп жариялады. Біздің тұрақты дамуға деген өзіміздің тәсіліміз болып табылатын, Ұлы мәртебелі марқұм Корольдың «Жеткілікті экономика философиясын» насихаттаумен қатар, Корольдік жобалар Тайлықтардың тұрмысын жақсартуға және Таиландтың БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуіне үлес қосуға көмектеседі.

       Бүкіл әлемдегі адамдардың өміріне, өмір сүруіне және әл-ауқатына әсер еткен COVID-19 пандемиясының салдарынан, Таиланд Корольдігінің Елшілігі осы жылы өзінің Ұлттық күніне арналған қабылдауын өткізе алмайды және Тай отандастарын, сондай-ақ Қазақстандық, халықаралық достарды және әріптестерді осы оқиғаны бірлесіп атап өту үшін қарсы ала алмайды. Пандемия барлық адамдар, ұлттарына, этностарына, нәсіліне және сеніміне қарамастан, бір-біріне көмектесіп және бірлесіп жұмыс жасау арқылы ғана жеңуге болатын бірдей мәселелер мен қиындықтарға тап болатындығын нақты ескерту ретінде еске салды. Осы сын-қатерлер аясында, Тай-Қазақстандық қатынастар берік болып қала береді және Таиланд жақын арада болатын пандемиядан кейінгі әлемдегі байланыстарды барлық салаларда және барлық деңгейлерде кеңейтуге және тереңдетуге үміттенеді.

       Баршаңызға мықты денсаулық тілейміз!

                                                        

 

                                                            Таиланд Корольдігінің Елшілігі,

                                                                               Нұр-Сұлтан

KAZ